«Ас адамның арқауы» - деген қазақ халқымызда ұлағатты, әдемі сөз бар. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығымыздың асхана қызметкерлері таңнан бастап, түнге дейін демалушыларымызға аянбай еңбек етіп, өзінің түрлі дәмді тағамы мен тәттілерін тарту етуде.
Жалпы 25 қызметкер екі ауысым бойынша қызмет атқарады.
Орталығымызда 6 мезгіл ас бекітілген, оның үшеуі негізгі, үшеуі қосымша тамақтану.
Әр ауысымда 5 аспазшы, 3 ыдыс жуушы, 3 даяшы, және 1 еден жуушы бар.
Таңғы ас: 815 – 9оо Екінші таңғы ас: 112о – 114о
Түскі ас: 13оо – 14оо Екінші түскі ас: 16оо – 163о
Кешкі ас: 19оо – 2Ооо Екінші кешкі ас: 213о – 215о
Орталығымыздың асхана бөлімі жыл сайын Түркістан көпсалалы-техникалық колледжімен бірге облыстық семинарлар өткізеді. Семинардың мақсаты: білікті, білімді, бәсекеге қабілетті, инновациялық технологияларды жетік меңгерген мамандар дайындау. Семинар қорытындысы ретінде өз жұмыстарымен, білімдерімен көзге түскен студенттеріміз осы орталықта қалып, өз қызметтерін жалғастыруға мүмкіндік алады.