1

Жас патриоттар академиясы

«Елжанды - патриот»

Түркістан облысы «Балдәурен» РОСО филиалы «Қазақстандық жас патриоттар Академиясы» ережесі

1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 «Қазақстандық жас патриоттар Академиясы» - «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы Республикалық мемелекеттік қазыналық кәсіпорны жанындағы педагогикалық кеңестің 22.02.2016 жылғы шешімі негізінде құрылып, жасөспірімдермен ересектердің азаматтық-патриоттық бағыттағы тәрбие мен білім беру сұрақтарын шешіп анықтайтын бірлестік болып табылады.

1.2 Қазақстандық жас патриоттар академиясы БҰҰ -ның бала құқықтары туралы конвенциясына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы» ҚР заңдарына сәйкес жұмыс істейді.

1.3 Қазақстандық жас патриоттар Академиясының бекітілген өзіндік логотипі, медалі мен сертификаты бар. Қосымша 1.

2. МАҚСАТЫ МЕН МІДЕТІ

2.1 Қазақстандық жас патриоттар академиясы жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерді, өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі дамыту қабілетін дамыту мен тәрбиелеу мақсатында құрылған.

2.2  Міндеттер:

-        Жасөспірімдермен ересектердің туған жерге, оның өткеніне, бүгіні мен болашағына деген сүйіспеншілікті ояту;

-        кеудесінде намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ қалыптастыру;

-        жасөспірімдеремен ересектердің өзінің азаматтық позициясын жүзеге асыруына жағдай жасау;

-        әр баланың міндет пен жауапкершілік сезімін дамыту;

-        жасөспірімдермен ересектердің бойында Отанға адалдықты, қоғамға және Қазақстанға пайдалы болуға дайындықты дамытудың оңтайлы жағдайын қамтамасыз ететін патриоттық тәрбиенің тиімді жүйесін қалыптастыруға ықпал ету.

-     қазіргі заманғы жас патриоттардың имиджін қалыптастыру.

3.АКАДЕМИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ

3.1 Академияның қызметі «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының жылдық жұмыс жоспары және операциондық жоспарына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігі орталыққа бекіткен ауысымның жылдық-кестесі негізінде жүзеге асырылады.

3.2 Қазақстандық жас патриоттар Академиясына конкурстық іріктеуден өткен 11-15 жас аралығындағы балалар қабылданады.

3.3 Қазақстандық жас патриоттар академиясына үміткерлер осы ережеге сәйкес іріктелінеді және орталықтың ұстаздардан құрылған бірлестік шешімене сәйкес қабылданады.

4. ПАТРИОТТАРДЫ КОНКУРСТЫҚ  АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ

4.1 Патриоттарды анықтау үш кезеңде өтеді.

4 .2 1-кезең. Орталықтың іс –шараларына, яғни топ ішінде немесе сыныпта белсенді болуы бойынша қарастырылады (үміткерлерді сынып жетекшілер, сонымен қатар ұйымдастырушы-ұстаздар ұсынады)

4.3 2-кезең. Қазақстандық жас патриоттар Академиясына таңдалған үміткерлер ауысымның екінші аптасында  төмендегі тақырыптар бойынша орталықта жұмыс жүргізіп, слайдпен көрсетеді, әрбір оқушы  тең дәрежеде жұмыстарын ұсынып, қорғайды.

-туған жер тарихы;

-экологиялық тәрбие;

-тіл мәдениеті;

-рухани-адамгершілік тәрбие;

-зияткерлік, ақпараттық тәрбие;

4.4 3-кезең. Сұхбаттасу. Сұхбат белгіленген Қазақстандық жас патриоттар Академиясына үміткерлер және орталықтың әдіскері, ұстаздарымен жүргізіледі.

-өз тарихын, мәдениетін, дәстүрін, жетістіктерін және т.б. білу;

-патриот деген кім? Патриотизмді қалай түсінеді;

-еліміздің зиялы қауым өкілдері мен ақын, жазушылардың әдеби патриоттық шығармаларымен таныстыру;

-еліміздің тарихи өткені мен қазіргі даму кезеңі.

5. МАРАПАТТАУ

5.1 Қазақстандық жас патриоттар Академиясының «Патриот» төсбелгісі жоғары марапат болып есептеледі.

5.2 «Патриот» төсбелгісімен марапатталған жасөспірімдер мен ересектерге қосымша сертификат табысталады (төсбелгі сертификатсыз жарамсыз, сертификат төсбелгісіз жарамды болып табылады).

 

 

 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner