1

ҚЫМБАТТЫ ДОСТАР!

«Балдәурен-Түркістан» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы 2018 жылдың 15 тамызынан бастап өз жұмысын мүлтіксіз атқарып келеді. Қазіргі таңда жаңа бастамалар мен игі жұмыстар атқарылып отыр. Ұрпағымыздың тәрбиесі мен білімінің ұштасуына бағыт беріп, болашақтың іргесін бірге қалаудамыз.

«Балдәурен» - балалардың сенімділік, қауіпсіздік, қамқорлық аралы. Біздің Орталықтың әлеуметтік маңыздылығы даусыз. Біз балаларда белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелейміз, олардың шығармашылық қабілеттерін ашамыз, әр балаға өзін жеке тұлға ретінде көрсетуге тең мүмкіндік береміз, оларға өмір жолын таңдауға көмектесеміз. «Балдәуренде» өмір қандай болатыны бізге-ересектерге байланысты. Біз орталықта осындай бірегей жүйе құрылғанын мақтан тұтамыз және мұнда жұмыс істейтін әрбір адам кездейсоқ емес, өз ісін және балаларын жақсы көреді деп сеніммен айта аламыз.

Бүгін Балдәурен небәрі 22 жаста, бірақ біз «балалық шақ аралы» өзінің тағы бір туған күнін тойлайды деп сенеміз. Тек оның тұрғындары – балалардың жасы өзгеріссіз қалады.  Егер балалар «Балдәуреннен» кетіп, осында қайта – қайта оралғысы келсе-бұл бүкіл ұжымның бірлескен жұмысының жоғары бағасы. 

Тукеев Қайрат Серікұлы,

                                                    «Балдәурен» РОСО филиал директоры.

                         Түркістан облысы Төлеби ауданы


 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner