1
 

 

         

 

          ЕРНАЗАРОВА Айнұр Шүкірқызы,

         «Балдәурен» РОСО филиалының

          ұйымдастырушы-ұстазы.

         Түркістан облысы, Төлеби ауданы

 

 

     Жанары жаздай жайнаған, «Балдәурен» бақыт айналаң!

 

 

Алақай,  оқу жылы да аяқталып, оқушылар түгелімен жазғы демалысқа аттанды. Орталық толықтай жазғы ауысым балаларын қабылдауға әзір. 2022 жылдың «Таза әлем балалары!» жас еріктілер мен экологтардың республикалық слеты атты 7 ауысымы да өз бастауын алды. Орталығымыз өзінің сүйікті балаларын қабылдап, толық медициналық тексеруден өткізіп, топ-топтарға бөлді.

15 күнге арналған жұмыс кестесі дайындалып, әр күнге өзінің ерекшелігімен көрінетін түрлі іс-шаралармен көңілді кештер, танымдық ойындар, түрлі қызығушылық үйірмелері ұйымдастырылуда. Балаларға ұлтына, еліне, жеріне, тіліне, Отанына деген махаббаттарын сіңдіріп, құрмет көрсетуді үйретуде орталықтың кез-келген қызметкері аянбай еңбек етуде.

Балалар жылы аясында орталығымызда Қазақстан білім беру және спорттық робототехника Федерациясымен бірлескен Түркістан облысындағы жас робототехниктер бас қосып, өзара сынға түсті.

Жас жеткіншектеріміздің өнеріне еріксіз тамсанып, талаптарына қарап қызығасың. Елдің ертеңі болар бүлдіршіндеріміздің жасаған жұмыстары болашақта қолдау тауып, Қазақстанның өндірісінде, көлігінде, елдікті танытатын рәміздерімізде осы жігіттер құрады деген сеніміміз мол.

«Балдәурен» өзіне келген әр баланың өмірінің бір бөлшегі іспеттес. Оның айғағы әр ауысым соңындағы балалардың арман аралымен қимастықпен қоштасқанда білесің. Балалардың бақыт ордасына айналған - «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының ғұмыры ұзақ, алар асуы әлі алда деген ойдамын.

Жанары жаздай жайнаған,

«Балдәурен» бақыт айналаң!

Демалыстың қызықты өтуін қаласаң,

«Балдәуренге» кел әрқашан!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner