1

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Қазақ халқы баланы жастайынан жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла, жолын кеспе» деген ұлағатты, тыйым сөздердің мәні ерекше. Бала бойына кішіпейілділік, сыпайылық, сыйластық сияқты қасиеттерді сіңіре білсек, адамгершілік тәрбиесінің жемісіне бөленетініміз анық!

Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы. Қазақтың қарадо­малақ балалары әлемдік деңгейде ел мерейін асыруда. Қарапайым ауылдан шыққан талай баланың жұлдызы жанып, қабілетімен дарындылар қатарына қосылды. Иә, қай кезде де мемлекет баланың үздіксіз дамуына инвестиция құюды тоқтатпайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен «2022 жыл – Балалар жылы» деп аталды. Яғни, барыс жылында ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бөлінуде.

Біздің «Балдәурен» РОСО филиалында осы «Балалар жылы» аясында көптеген игі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Орталыққа келген балаларға еліміздегі «Спорт пен туризмді» кеңінен насихаттау, өлкемен таныстыру мақсатында Төлеби ауданында орналасқан «Жылаған ата», «Ғайып ерен - қырық шілтен» киелі мекендерге саяхат сабақтар өткізілуде. Облыстық, республикалық семинарлар ұйымдастырылып, орталық қызметкерлері тәжірибие алмасуда. Оқушыларымызға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде орталығымыздың кез-келген қызметкері жұмыла атсалысуда.

Ел ертеңі – білімді жастар. Баланы жастайынан еңбекке баулып, білімге, өнерге құштар болып өсуіне бар жағдайды жасауымыз қажет.

Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалығы – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз.    

    

                             


Біздің серіктестер

banner
banner
banner