
Бойларында жалындаған күші бар,
Осы кезде Жастарды сен есіңе ал.
Жастар - алға, Жастар - самға қалықтап,
Балдәурен - бұл, жастарынсыз несі бал!
Оттай жанған, жалындаған жастардың өнерлерін тамашалау барысында тағы бір көңілді кештердің бірі - «Zhastar Style» Жастар педагогикалық тобымен танысу кеші өткізілді. Кеш әр баланың өз ұйымдастырушы-ұстаздарының жаңа бір қырынан тануына көмектеседі. Жастар қызықты қойылым қойып, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлайды. Балалармен бірге ән айтып, би билеп, өздерінің бар өнерлерін ортаға салады. Ұйымдастырушы-ұстаз болуың үшін қолынан бәрі келетін, әмбебап тұлға болуың қажет. Тобындағы әр бала өз тәрбиешісіне қарап бой түзейді. Орталыққа келген әр балаға үлгі бола білу керек.




