
«Формула кеңістігі» жаратылыстану ғылымдарының шеруі ауысымында Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің педагогтері орталығымызда химия, биология, математика, геометрия пәндерінен сабақ өтіп,өз шеберліктерімен орталық ұстаздарымен тәжірибе алмасты.
Білікті де білімді ұстаздар пән бойынша шеберліктерін ортаға салып,бағалау жұмыстарын жүргізді.
Ұстаз- үздіксіз білім алатын жалғыз мамандық иесі.Сондықтан біз жаңартылған бағдарламаның қыр-сырын меңгеріп,жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру жолында еш аянып қалмаймыз.Алдымызға айқын мақсат қоя отырып,соған жету жолында,шәкірттердің жүрегіне жол тауып,дұрыс бағыт-бағдар беруге тырысамыз.Әр оқушымен жеке жұмыс істей отырып,түзу жол көрсете алсақ,тәуелсіз елдің ұрпағы биік белесті бағындырары сөзсіз.




