
“Балдәурен-Түркістан” Республикалық оқу-сауықтыру ортылығының 8-ауысым демалушылары Шымкент қаласында орналасқан “Шымкент ескі қалашығы” жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енген, археологиялық орынмен танысу мақсатында танымдық-экскурция жасады. Танымдық-экскурция барысында балалар Шымкент қаласының көне тарихымен танысып, қаланың тыныс-тіршілігі жайлы көптеген құнды мәліметтерге ие болды. Танымдық-экскурсия оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, демалыстарының жемісті өткізулеріне септігін тигізді. Саяхат жоғары деңгейде өтті.


