1

Орталығымыздың үш жылдық мерейтойына арналған «Толағай» отбасылық эстафетасы

Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.

3 жылдық мерей-тойымызға байланысты орталығымызда отбасымен жұмыс жасайтын қызметкерлер арасында қызықты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты  отбасының татулығын, ауызбіршілігі мен ынтымақтастығын арттыру. Жалпы сайысымызға 15 отбасы мүшелері қатысты. Ойын екі кезеңнен тұрды «Кім жылдам», «Қызықты эстафета». Отбасы мүшелерінің жас ерекшеліктеріне қарай қатысушыларымыз 3 топқа бөлінді.

1) Жас буын,

2) Орта буын,

 3) Үлкен буын.

Екі кезең бойынша түрлі спорттық ойындар барысында жылдамдық көрсете білген үздік үштік анықталып марапатталды.

1 орын Ермекбай Бекжан мен Ергеш Роза

2 орын Жолдасбек Ералы мен Майлыбекова Зәуре

3 орын Әліп Егемберді мен Кадырова Лаура иеленді.

1 орын алған отбасыға естелік ретінде орталықтың 3 жылдық мерейтойына арналған кереметтей статуэтка табысталды. Ойын барысында түрлі қызықтардың күәсі болдық. Бар жанын салып қатысушыларымыз бірінші Үздік үштікке ие бола алмаған қатысушыларымыз директордың қызметін атқарушы Нурмуханов Қуат Каировичтің «Алғыс хатымен» марапатталды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner