1

Кез-келген істің бастауы болғандай, оның аяқталуы да болады. Міне, 20 күн бойы жалғасын тапқан демалысымыз сәтті аяқталды. Көңілді кештер, түрлі танымдық, зияткерлік ойындар ұйымдастырылды. 2-ауысым демалушыларына ақ жол тілейміз. Құрметті Балдәурендік атанған оқушылар! Әрине өздеріңдей өнерлі балалармен қимастықпен қоштасамыз. Сіздер үшін арман аралына айналған –Балдәуреннің есігі әрдайым ашық. Балдәуреннің төрінде сіздерді қашанда күтеміз. Оқушыларға тек қана сәттілік тілейміз! Алар асулары мен жетер жетістіктері көп болсын!

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner