1

2023 жылдың 1 ауысымының жабылу салтанаты

Міне, 20 күнге созылған 2023 жылдың алғашқы ауысымы «Жылы жүрек» отбасылық құндылықтар акциясы да аяқталды. Жас Балдәурендік достарымыздың демалыстары қызыққа толы, әрі есте қалардай өткеніне сеніміміз мол. Ауысым барысында өзінің ұйымшылдығымен, белсенділігімен көзге түскен оқушыларымыз «Қазақстанның жас патриоттар академиясына» қабылданды. 20 күн бойы ұйымдастырушы-ұстаздарымызға көмегін беріп, оқушылардың демалыстарының сапалы өтуіне атсалысқан «Сенім» ұйымының президенті мен министрлеріне айтар алғысымыз шексіз. Арман аралы «Балдәурен» қашанда сіздерді өзінің ыстық ұясында күтеді. Қайта кездескенше 1 ауысым демалушылары, сәт-сапар тілейміз!

  


Біздің серіктестер

banner
banner
banner