
Кез келген ұйымның ең басты құндылығы — оның қызметкерлері және олардың арасындағы берік байланыс. Біз үшін командалық рух жай ғана сөз емес, бұл — ортақ мақсатқа деген адалдық, өзара құрмет пен қолдау.
Таяуда өткен тимбилдинг іс-шарасы біздің ұжымдық рухымызды жаңа деңгейге көтерді. Әрбір сайыс пен тапсырмада біз:
▫️ Бір-бірімізге сенім артуды;
▫️ Тығырықтан бірге жол табуды;
▫️ Ортақ жеңіске бірге қуануды тағы бір мәрте дәлелдедік.
Тимдилдингті филиал директоры Қ. С. Тукеев құттықтау сөзбен ашып, ұжымның ауызбіршілігі арқылы биік нәтижеге жететіндігіне тоқталып, үлкен сеніммен жауапкершілік артты:
Ұжымдағы әрбір азаматтың үлесі бізді ортақ биіктерге жетелейді. Біз бірге болғанда кез келген белесті бағындыра аламыз! ????✨ Жеңімпаздар командаларға грамота және бағалы сыйлықтар тапсырылды.
???? Іс-шарадан тамаша сәттер мен шынайы эмоцияларды фотокарусельден тамашалаңыздар! ????










