
«Ойлан, ізден, жаса!»
Үгіт бригадасы байқауы – оқушылардың шығармашылық қабілетін, тапқырлығын, белсенділігін және өз ойын еркін жеткізе білуін көрсететін ерекше сайыс. Байқау барысында қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, тың идеяларымен, қызықты қойылымдарымен және ерекше өнерлерімен көрермендердің көңілінен шықты. Әр топ ұйымшылдық пен бірліктің, ізденіс пен шығармашылықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Осындай байқаулар жас ұрпақтың бойындағы талантты шыңдап, жаңа идеяларға жол ашып, өзіне деген сенімділігін арттырады. Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен ерекше өнерлері үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!













