
«Baldauren Art Fest» – өнерпаздардың бас қосуы атты 13-ауысымның ашылу салтанаты
13-ауысымның ашылу салтанаты – өнер мен шығармашылыққа толы ерекше мереке. «Baldauren Art Fest» тақырыбында ұйымдастырылған кеште балалар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетеді. Мерекелік шараның мақсаты – жас таланттарды қолдау, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Ашылу салтанаты жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттерге толы болады!











