
Бүгін «Балдәурен» РОСО дәстүрлі *«Визитка» сайысы* өтті! Бұл ерекше сайысқа 8 топ қатысып, әрқайсысы өздерінің ұрандарын, амандасулары мен әндерін үлкен шабытпен, әндетіп, сахна төрінде паш етті.
Бұл кеш балалар үшін жай ғана жарыс емес, *шығармашылықпен дамуға, сахна мәдениетіне баулуға, топпен жұмыс істеуге* арналған үлкен мүмкіндік болды. Әрбір қатысушының жүзінен қуаныш пен мақтаныш көрінді.
Балалар тек өздерін таныстырып қана қоймай, *сенімділік, ынтымақ, өнерге деген сүйіспеншілік* сынды қасиеттерін көрсете білді. Осындай іс-шаралар — жас ұрпақтың жан-жақты дамуына жол ашады.





