1


 

 

«Sóz dodasy» республикалық жас пікір-сайысшылар кездесуі» атты

2024 жылдың 5 ауысымының

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(11.04–30.04.2024 ж.)

 

ҚР ОАМ 2024 жылға бекіткен ауысым жоспар – кестесіне сәйкес Түркістан облысы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалында  11 сәуір мен 30 сәуір күндері аралығында «Sóz dodasy» республикалық жас пікір-сайысшылар кездесуі» атты 5 ауысымы өтеді.

Ауысым қатысушылары: дебат үйірмелері мен клубтарының қатысушылары, республикалық, облыстық, аудандық дебат сайыстарының жеңімпаздары мен қатысушылары, ҚР ҚК әскери қызметкерлері мен қызметшілерінің балалары.

Ауысым мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру, оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу, республикадағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.

Ауысым міндеттері:

  • оқушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, білім деңгейін арттыру, шешендік шеберлігі мен сенім дағдыларын қалыптастыру;
  • демократиялық қоғамда оқушылардың өмірлік ұстанымы мен дағдыларын қалыптастыру;
  • патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын жас патриоттарды тәрбиелеу.

 

Ауысым бағдарламасы барысындағы жоспарланған іс-шаралар:

  1. «DosTas» танысу кеші;
  2. «Білім шыңы» мектеп презентациясы;
  3. «Тілім менің – тірегім, соғып тұрған жүрегім!» тәрбие сағаты;
  4. «Sóz dodasy» топ визиткасын қорғау кеші;
  5. 5 ауысым президентіне үміткерлерімен танысу;
  6. «БалПочта» жарысы: «Топтық жарнама», «Топтық тазалық», «Фотобудка»;
  7. 2024 жылдың 5 ауысымның салтанатты ашылуы, жабылуы;
  8. «TOP-TOBYMEN» көңілді эстафета;
  9. «Zhastar Style» педагогикалық тобымен танысу кеші;
  10. «Алло, біз таланттыларды іздейміз!» шығармашылық байқауы;
  11. Шымкент қалалық «Тalant» дебат клубымен кездесу кеші;
  12. «Дебат және біз» дебат сайысы;
  13. «TIK-TOK.BAL» тик-ток сайысы;
  14. «BÁSEKE» танымдық ойыны;
  15. «CHAMPION» СМ ашылу, жабылу салтанаты;
  16. «Егіз лебіз Балдәуренде» байқауы;
  17. «Тіл шебері» танымдық сайысы;
  18. «EREKSHE KÚN» туған күн иелеріне арналған кеші;
  19. «Bari keldi» танымдық ойыны;
  20. «Балдәурен STAND UP» сайысы;
  21. «ÓNER KÓTERILISI» мюзикл жарысы;
  22. «Мың бір мақал» бекеттік ойыны;
  23. «Қоштасқым келмейді!» гала-концерті.

 

2024 жылдың 5 ауысымының салтанатты ашылуы 14 сәуір күні сағ. 17:00.

2024 жылдың 5 ауысымының салтанатты жабылуы 28 сәуір күні сағ. 17:00.

 

Мекен-жайымыз: 161100, Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Алатау а/о, Нысанбек ауылы, Үш-сала көшесі №32 үй, «Балдәурен» РОСО филиалы.

E - mail: baldauren_2@inbox.ru.

Біздің серіктестер

banner
banner
banner