1

Қызығушылық үйірмелері 14 - ауысым

Қызығушылық үйірмелері 15 - ауысым

Қызығушылық үйірмелері 16 - ауысым

Қызығушылық үйірмелері 1 - ауысым

Қызығушылық үйірмелері 2 - ауысым

"Балдәурен - Түркістан" республикалық оқу-сауықтыру орталығында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық дамуы үшін барлық жағдай жасалынған.

Қазіргі уақытта орталықта 6 қосымша білім беру студиясы жұмыс істейді: «Оригами», «Фетр», «Домбыра», «Озық ойлы оқырман», «Жас психолог», «Шебер қолдар», «Жас инструктор», «Бестас», «Волейбол», «Үстел үсті ойындары», «Үстел үсті теннисі», «Цветочный», «Бокс» студиясы. Бұл үйірмелер шығармашылық ойлауды, есте сақтауды, өнерге деген сүйіспеншілікті, командада жұмыс істей білуді дамытуға көмектеседі.

Үйірме іс-әрекетінің негізгі мақсаты балалар уақытша бірлестігі жағдайында балалар мен жасөспірімдер тұлғасының әлеуетін шығармашылық тұрғыдан жүзеге асыру үшін жағымды орта құру болып табылады.

Үйірме іс-әрекетінің бағдарламалары орталықтың қызметімен байланысты, сондықтан сабақтар ауысым тақырыбын ескере отырып түзетіледі, бұл ауысымның барлық қатысушыларын ойын түрінде шығармашылық процеске тарта отырып, балалардың іс-әрекетін әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Бұл мастер-класстар, шығармашылық шеберханалар, станциялар бойынша ойындар, ауысым тақырыбы бойынша бұқаралық іс - шаралар, ойындар, квест-ойындар, әңгімелер, конкурстар өткізу барысында балалар жеке және командада өздерін көрсете алады. Қосымша білім беру педагогтері өз жұмысында жобалық оқыту технологиясы, ойын технологиялары, коучингтер, қашықтықтан оқыту, ақпараттық – коммуникациялық технологиялар сияқты оқытудың жаңа әдістемелік тәсілдерін кеңінен пайдаланады. Үйірме қызметінің жаңа бағыттары үнемі енгізілуде. Бұл бағыттар оқушылардың қызығушылығын оятады.

 

 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner