1

    Желтоқсан айының он бесінші жұлдызында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалында «Отан тарихындағы 30 жыл» атты жас патриотардың онлайн кездесуі болып өтті.

Мақсаты: Өскелең ұрпақты Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге жалпы адамзаттық құндылықтар мен көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жеткен жетістіктерін ұғындыра отырып, ұлттық тарихымызды қастерлеуге тәрбиелеу. 

Міндеттері:

  • академия мүшелерінің сана-сезіміне әлеуметтік маңызды патриоттық құндылықтарды, еліміздің тарихы мен мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікті сіңіру;
  • академия мүшелерін Қазақстан Республикасының туын, елтаңбасын, әнұранын, басқа да еліміздің мәдениеті және тарихымен байланысты жәдігерлерді құрметтеуге және мақтан тұтуға дағдыландыру;
  • академия мүшелерін еңбексүйгіштікке тәрбиелеу және тәуелсіздік жайлы түсініктерін арттыру.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner