1

Балалар жылы аясында орталығымызда Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы», «ҚазРоботикс» федерациясымен біріккен мектеп оқушылары арасында облыстық «КазРобоСпорт-22» робототехника жарысы болып өтті.

І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРі:

  1. Осы ереже «KazRoboSport-2022» облыстық мектеп оқушылары арасында өтетін робототехника жарысының мақсат – міндеттерін және өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

ІІ.  ЖАРЫСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

  1. Робототехниканың цифрлық технология саласын оқушылар арасында насихаттау;
  2. Цифрлық технологияны меңгерген, еліне елеулі қызмет ететін болашақ мамандарды дайындау.
  3. Цифрлық технология IT саласы мен мектеп оқушыларының арасында көпір орнату, ақпарат алмасу.

ІІІ. ЖАРЫСТЫҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ:

  1. «KazRoboSport-2022» жарысы  арнайы дайындалған орында өткізіледі.
  2. Жарысқа қатысатын топтар екі адамнан құралған командадан және классикалық үлгідегі киімде болуы тиіс.
  3. Жарыс 2022 жылдың 13 маусым күні өткізіледі.
  4. Жарысқа тіркелген командалар қатысады.
  5. Жарыс 10-18 жас аралығындағы  оқушылар арасында өтеді. (1 – қосымша)
  6. «KazRoboSport-2022» жарысы  алдын-ала берілген ережелер бойынша өтіледі. (2 – қосымша)
  7. Жарысқа қатысушыларды бағалау регламенттер бойынша құрылған төрешілер жүзеге асырады.

IV. ЖАРЫСТЫҢ ӨТКІЗІЛУ БАРЫСЫ:

  1. «KazRoboSport-2022» жарысы  3 ойын түрімен өткізіледі: жас ерекшелігі бойынша 1-жарыс – Биатлон (10-14жас), Биатлон (15-17 жас);
  2. 2-жарыс  Робосумо 10*10 (14-17 жас);
  3.   3-жарыс Кегельринг квадро (10-17 жас) облыстық кезең. 

V. ЖАРЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

Жарыс жеңімпаздарына төрешілердің шешіміне сәйкес (І, ІІ, ІІІ орын бойынша)дипломдар және жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушылардың барлығына сертификаттар табыс етілді.

Жас жеткіншектеріміздің өнеріне еріксіз тамсанып, талаптарына қарап қызығасың. Елдің ертеңі болар бүлдіршіндеріміздің жасаған жұмыстары болашақта қолдау тауып, Қазақстанның өндірісінде, көлігінде, елдікті танытатын рәміздерімізде осы жігіттер құрады деген сеніміміз мол.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner