1

Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!

 - деп қазақтың дара ақыны Мағжан Жұмабаев жырлағандай «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады». Болашақтың кілті, елдің ертеңі - білімді жастар. Мемлекеттің дамуы, өсіп-өркендеуі тікелей жастарға байланысты. 

 «Жастар» педагогикалық тобы - орталығымыздың жүрегі деуге де болады. Уақытша құрылған балалар бірлестігімен тығыз байланыста болып, оқушыларға психологиялық ахуал мен жағымды жағдай жасап, олардың шығармашылық қабілетін дамытып, өмірдің негізгі құндылықтарын: адамгершілік, мейрімділік, жауапкершілік, патриоттық сезімдерін нығайтып, жеке тұлға болып қалыптасуларына жағдай жасауда. Балалардың сабақтан тыс бос уақыттарын тиімді пайдалануға жұмсайды. Өзінің бойындағы бар өнерін баланың бойына сіңдіруге барынша аянбай еңбек етеді. Біздің жастар 2019 жылы өткен "Үздік педагогикалық Жастар тобы-2019" 2 Республикалық байқауының Гран при иегерлері.

Орталығымыздың дәстүрге айналған салтанатты кештерінің бірі

 «New Zhastar» педагогикалық тобымен танысу кеші.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner