1

Енді ғана орталыққа келген балаларға орталықтың жалпы ішкі ережелерімен, қатаң қағидаларымен таныстырып, бір-бірімен алдағы 20 күндік демалыста дос болып, тату-тәтті қарым-қатынаста болу мақсатында «Hello my friend» танысу кеші болып өтті. Балалар өздерінің сүйікті ұйымдастырушы-ұстаздарымен танысып, топтарға бөлінді. «Твыкс заңы», «Оң қол заңы», «Сол қол заңы», «Клем заңы», «Тук-тук заңы», «Асхана ережесі», және т.б өзгермес орталықтың ережелерімен таныстырды. Көңілді кеш ұйымдастырылып, балаларға кереметтей көңіл-күй сыйланды. Қызықты сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар алынды. Ойындар ойнатылып, балалардың өздерін ортада еркін ұстауларына көмектесті. 12-ауысымның оқушылары он саусағынан өнер тамған өнерлі оқушылар екендерін көрсетті.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner