
Ұлттық рухты күмбірлеген күйден артық көтеретін дүние кемде-кем. Халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі жырлағандай: «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра».
Біз ұлттық аспабымыздың бүкіл әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналғанын мақтан етеміз. Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз.
Шілде айының 18-жұлдызында орталығымызда "Домбыра Party" кеші болып өтті. Кеш барысында қос ішекті аспаптың қыр-сырын жетік меңгерген оқушыларымыз өнер көрсетті. Түрлі әндер шырқалып, күйлер тартылды. Кеш барлық балдәурендіктердің көңілінен шыққанына сеніміміз мол!



