1

          Балаларға туған жерінің тарихын тереңнен түсіндіріп,  өскелең ұрпақтың санасына сіңдіру мақсатында өлкемен танысу кеші болып өтті. Облыс орталығына айналған Түркістан қаласы жайлы көптеген құнды мағлұматтар беріліп, оқушылардың таным түсінігі артты. Сахналық қойылым көрсетілді. Іс-шара барысында облысымыздың кереметтей киелі жерлерімен балалар танысып, олардың тарихына көз жүзіртті.

          Ұлы Отан соғысында Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры Рахымжан Қошқарбаевтің ерлігімен жас достарымыз танысты. Рахымжанның тіккен туының көшірмесі орталығымызға мамыр айында алып келінген болатын. Ауысым сайын сол туды таныстырып, оқушылардың бойына ерлік, ұлтжандылық, елін, жерін сүюді насихаттап келеміз. Әр бала өзінің тарихын білуге міндетті. Ұлтжанды патриот ұрпақты тәрбиелеу, жерді, отанды сүюге ынталандыру баршамызға міндет.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner