1

Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің демалыс конференциясы

Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда өзіндік ерекшілігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетке дайындау, мұғалімдерді көп ізденіп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса әрбір мұғалім педагогтік білім алумен қанағаттанып қоймай тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім өз жұмысында жаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім берудің теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші, әрі шебері бола алады. Білімді түрлендіруде, білім беру процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім, шығармашыл мұғалім ретінде дамушы тұлға болып табылады. Шығармашыл мұғалімдердің тәжірибесін арттыру мақсатында Қазақстанның педагогикалық академия ұстаздары және «Балдәурен» РОСО филиалының ұйымдастыруымен «Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің демалыс конференциясы» ұйымдастырылды. Атаулы конференция үш күнге созылды. Конфренцияның бірінші күні «Жаңа формация мұғалімі - шығармашыл тұлға: бүгіні мен келешегі» атты тақырыпта конференцияның ашылуы болып өтіп, ҚПА қорының президенті және келген қонақтар сөз сөйледі. Конференцияға қалалардан, аудандардан келген семинар қатысушылары арасында өзара танысу кеші ұйымдастырылды.

Семинардың екінші күні таным-тренингтеріне арналған бағыттар бойынша талқылаулар болып өтті. Сонымен қатар аудиториялық секцияларда заманауи педагогикалық  әдістемелер (іс-тәжірбиелер додасы), педагогтердің жаңашыл қызметі - кәсіби дамуға бастайтын жол, әдістемелік идеялар аукционы сабақта қолдануға тиімді әдіс-тәсілдер, іскерлік ойын, мәселелер мен мүмкіндіктер, бүгінгі мұғалім «нені біледі?» және ол тағы «нені білуі қажет?» деген тәжірибелер алаңы ұйымдастырылды. «Заманауи білім беру жүйесінде қандай әдіс-тәсілдер қолданыста болу керек?» деген сұраққа  озық идеялар айтылып, тәжірибелер жүргізілді. Тәжірибе алаңында «Балдәурен» РОСО филиалы мектеп кешені ұстаздары қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ермекбай Бекжан Ерғалиұлы және тарих пәні мұғалімдері Умирзахов Есқали Қалдыбекұлы, Абуов Жалғас Абайұлы сабақта қолданатын үздік әдіс-тәсілдерін ортаға салды. Мұғалімдерді бағалаудағы жаңа бағыттар турасында ой-толғаныстар семинар  қатысушыларының  назарынан тыс қалмады. Семинар барысында денсаулық сағаттары ұйымдастырылып, түрлі тренинг ойындары ойнатылды. Үш күнге созылған семинар конференцияға қатысқан барлық ұстаздарға Алғыс хаттар мен арнайы сертификаттар берілді. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің демалыс-конференциясын ұйымдастырған Қазақстанның педагогикалық академия ұстаздарына сонымен қатар Тамара Махалқызына ерекше алғыс білдіремін!

 

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ермекбай Бекжан Ерғалиұлы.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner