Өскелең ұрпақ - біздің жарқын болашағымыз, елімізді көркейтуші іргетасымыз. Осындай жас ұрпақтарымызды патриоттық сезімдерін арттырып, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасап, лидерлік қабілеттерін ашу мақсатында орталығымызда ауысым сайын дәстүрге айналған "Сенім" ұйымы құрылады. Сол "Сенім" ұйымының мүшелерін анықтау барысында 5 ауысымының президентіне үміткерлерімен танысу кеші өткізілген болатын. Әр үміткер өзінің мақсат-қағидаларымен таныстырып, тематикалық күннің қызықты өткізудің тиімді жолдарын ұсынды. Жалпы үлкен топтардан 11 кандидат өз бақтарын сынады. 5 ауысым президенті кім боларын, 2024 жылдың 5 ауысымында білетін боламыз.