1

«Балдәурен» - атының өзі айтып тұрғандай, балалық шақтың бал дәурені. Жалпы жыл сайын 16 ауысымда балалар келіп, 20 күндік өзінің демалыстарын қызықты өткізеді. Біздің орталықтың басты ерекшелігі – орталыққа келген әр баланың әрбір күнін ойынға, сабаққа, үйірмелерге және де сауықтыру шараларына бөліп, өмірінің қайталанбас естеліктеріне айналдыру.

Үйірме – баланың бос уақытының тиімді өтуінің негізі болып табылады. «Қол өнер», «Шебер қолдар», «Фитнес», «Жайдарман», «Үстел үсті ойындары», «Волейбол», «Футбол» және т.б қызығушылық үйірмелері жұмыс жасайды. Жыл мезгілдеріне қарай үйірмелер де өзгеріп отырады. Бала жаз мезгілінде дала ойындарына қатысса, қыста «Сырғанақ», «Шаңғы тебу» және т.б үйірмелерге қатысады. Балалар сабақтан бос уақыттарына өздері қалаған үйірмелеріне қатысып, уақыттарын тиімді өткізеді. Бір үйірмеден екінші үйірмеге ауысуға тыйым салынады.  Шынықсаң шымыр боларсың – демекші, балалар үшін спорттық үйірмелердің алар орны ерекше. 20 күн бойы жалғасын тапқан үйірмеден бала міндетті түрде өзіне қажеттіні үйреніп, болашақта сол үйренгенін ары қарай дамытады деген ойдамыз.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner