
026 жылғы 5 қаңтар күні «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалында 2025 жыл қорытындысы бойынша жылдық есеп беру жиыны өткізілді.
Жиын барысында орталықтың өткен жылғы қызметінің негізгі нәтижелері сараланып, қаржылық, әкімшілік-шаруашылық және оқу-тәрбие бағыттарындағы атқарылған жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар, бөлім меңгерушілері өз салалары бойынша жылдық есеп беріп, 2026 жылға арналған басымдықтар мен даму бағыттарын таныстырды.
Жиында сөз сөйлеген филиал директоры Тукеев Қайрат Серікұлы:
«Жылдық есеп – тек қорытынды емес, болашақ дамуымызға бағыт-бағдар беретін маңызды алаң. Алдағы жылы да жүйелі жұмыс пен жауапкершілікті басты назарда ұстаймыз», – деп атап өтті.
2025 жылы 5500 бала демалды: оның 4160 бөлінген квота бойынша демалса, қалғаны “Айқанат” олимпиадасы жеңімпаздары мен коммерциялық ұсыныспен ақылы жолдамамен келген демалушылар.
2025 жылғы атқарылған жұмыстарға «қанағаттанарлық» баға берілді;
2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді;
Қауіпсіздік, санитарлық талаптар, білім беру ортасының сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуы мен тәрбие жұмысының мазмұнын жаңарту бағытында нақты тапсырмалар жүктелді.
Жиын орталық қызметкерлерінің бірлескен жауапкершілігін арттырып, алдағы кезеңге нақты міндеттер айқындаған маңызды алаң болды.





