
15-ауысымның танысу кеші! ✨
Жаңа достар, жаңа таныстықтар, жарқын жүздер мен көтеріңкі көңіл күй! 15-ауысымның алғашқы күндері ерекше әсерге толы танысу кешімен жалғасын тапты. Кеш барысында қатысушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салып, қызықты ойындар мен көңілді сәттердің куәсі болды.
Бұл кеш әр қатысушыға жаңа достар табуға, ортаға бейімделуге және ұмытылмас естеліктердің алғашқы беттерін бастауға мүмкіндік берді. Әрбір күлкі, әрбір таныстық пен жылы жүзді кездесу ерекше әсер қалдырды.
Алда бізді қызықты күндер, жарқын эмоциялар, жаңа жетістіктер мен есте қаларлық сәттер күтіп тұр! 15-ауысымның әр күні шаттыққа, достыққа және бақытты сәттерге толы болсын! ❤️










