1

Ауысым мақсатына сай жақында робототехника саласында үлкен жетістіктерге жетіп, еліміздің намысын әлемдік деңгейде қорғаған Tolebi Daryn командасымен кездесу өтті! 
2025–2026 жылдар аралығы – Tolebi Daryn командасы үшін нағыз жеңістер мен биік асулар кезеңі болды. Команданың қоржынындағы жеңістер тізбегі таңғалдырмай қоймайды:
 Turkistan FIRST Regional — Champion’s Award Winner (Бас жүлде мен Кубок)
Almaty Tech Cup — Young Innovators Award Winner (Бас жүлде мен Кубок)
 Almaty Tech Cup — Programming Mastery Award Winner (Бас жүлде мен Кубок)
 Daryn FIRST Championship (2025) — Robot Design Award Finalist
 Central Asia FIRST Championship (2026) — Champion’s Award Winner (Бас жүлде мен Кубок)
 Turkistan Robotics & Drones Championship (2026) — Champion’s Award Winner (Бас жүлде мен Кубок)
Central Asia FIRST Championship (2026) — Robot Design Winner (Бас жүлде мен Кубок)
 ЕҢ ҮЛКЕН ТАРИХИ ЖЕТІСТІК:
2026 жылдың 29 сәуірі мен 2 мамыры аралығында АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен FIRST Championship әлемдік жарысында Tolebi Daryn командасы FIRST LEGO League Challenge (10-16 жас) категориясы бойынша әлемнің ТОП-5 командасының қатарына еніп, Champions Award финалисті атанып, жүлделі II орынды жеңіп алды! ????????????????
Жеңіс тұғырына жеткізген чемпиондар:
Команда жетекшісі: Далмырзаев Сакен Абдиманатович
Команда капитаны: Сматилла Нұрислам
 Команда программисі: Бақтыбай Дінмұхамед
⚙️ Команда инжинері: Оралбай Нұрислам
Кездесу барысында жас өнертапқыштар өздерінің робототехникадағы тәжірибелерімен бөлісіп, АҚШ-тағы әлемдік додадан алған әсерлерін айтып берді. Еңбектің еленгені сол: Сәкен ұстазды Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев республикалық таиыз конференциясының пленарлық отырысында білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапаттады. Еліміздің атын әлемге танытып жүрген жастарымыз бен олардың жетекшісіне шексіз алғыс білдіріп, алдағы асар биіктеріне сәттілік тілейміз! ✊


Біздің серіктестер

banner
banner
banner