1

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтып кеткендей білімді де білгір шәкірт тәрбиелеу ұстаздан басталары сөзсіз. Ұстаз-киелі ұғым. Осы ұлағатты сөздің астарында білімділік те, ақылдылық та, мейірімділік те, зерделік те бәрі-бәрі табылады. Болашақтың басшысын да, данасы мен ғалымын да, еңбекқор егіншісін де тәрбиелейтін – ол ұстаз! Ұстаз – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік қасиеттерін баланың бойына дарытуға бар саналы ғұмырын арнайтын жан. Мұғалім алдына келген әр үйдің бір-бір еркесін басынан сипап, өз аузынан шыққан сөздің олар үшін үлкен заңдылық екенін, оны орындау керектігіне өз шеберлігімен иландыра біледі. Менің ойымша кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық тағылымы үлкен өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді.  Әрине, Ғафу Қайырбеков ағамыз айтқандай, ұстаз болу үшін жүректің батырлығы, сезімнің ақындығы, күн шуағындай алтын мінез керек. Сол үшін де біз ұстаздарымызды құрметтейміз!

 «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім -  мектептің жүрегі» - деп қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин айтқандай мектептің жүрегі бола білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Әр бала ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен өзінің алғашқы мұғалімі кім екенін, қандай екенін бала көзімен бағалап, ең жақын адамындай жақсы көріп суреттеп айтып келеді. Осының өзі мұғалім үшін бір ғанибет көрініс.

Құрметті Балдәурендік ұстаздар қауымы!

Сіздерді қазан айының алғашқы сенбісімен тұспа-тұс келетін төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде аянбай еңбек ете беріңіздер. Білім атты теңізде қанаттарыңыз талмай, шабыттарыңызға шабыт қосылып, тек биік белестерден көрініңіздер. Ұстаздар күні құтты болсын!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner