
«Кейіпкерлер күні»
Тақырыптық күн аясында «Кейіпкерлер күні» ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің сүйікті ертегі, мультфильм және кино кейіпкерлерінің бейнесіне енді. Әр қатысушы ерекше костюмдері мен қызықты образдарын көрсетіп, шығармашылық қабілеттері мен қиялдарын ортаға салды.
Күн барысында түрлі кейіпкерлердің бейнесі сомдалып, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше мерекелік атмосфера қалыптасты. Бұл күн қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлап, бір-біріне жақсы көңіл күй мен жарқын эмоциялар тарту етті! ❤️
















