1

Жан-жақтан келген оқушыларды достастыру мақсатында әр ауысым басында танысу кеш болып өтеді. Сол себепті, орталығымызда ауысымның алғашқы қызықты іс-шараларының бірі - "DosTas" танысу кеші өткізілді. Кеш барысында орталықтың қағидалары мен өзгермес заңдары айтылып, оқушыларға орталықты толығымен таныстырылды. Бір топқа бөлінген балалар бір үйдің баласы сияқты болуы үшін ұйымдастырушы-ұстазы аянбай еңбек етеді. Балалар мен ұйымдастырушы-ұстаздар арасында ойындар ұйымдастырылады. Ерекше жанрда ұйымдастырылған танысу кеші бәріне ұнады деген ойдамыз.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner