
«Ұшқыр ой» топ визиткасын қорғау кеші өтті!
Бүгін білім мен тапқырлықты, шығармашылық пен ұйымшылдықты ұштастырған «Ұшқыр ой» топ визиткасын қорғау кеші өтті.
Кеш барысында топ мүшелері өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салып, ерекше идеялары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің білімді, ізденімпаз әрі ұйымшыл екендіктерін дәлелдеді.
Іс-шара көтеріңкі көңіл күйде, қызықты әрі әсерлі өтті. Осындай шаралар жастардың шығармашылық қабілетін дамытып, өзіне деген сенімділігін арттыруға ықпал етеді.


















