
«Ата салтым – асыл мұрам» танымдық сайысы✨
Орталығымызда ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрлерімізді жаңғырту және жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбие сіңіру мақсатында «Ата салтым – асыл мұрам» атты танымдық сайыс өткізілді.
Сайыс барысында қатысушылар халқымыздың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен ұлттық мұралары туралы білімдерін ортаға салып, тапқырлықтары мен зеректіктерін көрсетті.
Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, ата дәстүріміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін! ❤️










