1

Чемпиондар ойыны,

Көптен күткен мереке.

Шақырады баршаңды,

Толсыншы құт береке.

Салауатты өмір салтын ұстанған орталығымыздың ең қызық та, тартысқа толы маңызды іс-шарасының бірі «Champion» СМ ойындары. Екі күнге созылған бұл жарыс барысында оқушылар жекелей, топтық түрлі сайыстарға қатысып, өз бақтарын сынайды. Бірінші болуға талпынады. Бұл сайыс барысында оқушыларды ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа тәрбиеленеді. Тартысқа толы өткен СМ ойындарымыздың жеңімпаздарын анықтап жабылу салтанатында марапаттады. Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Шынықсаң шымыр боларсың.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner