1

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» лингвистикалық турнирі 12-ауысымының салтанатты түрде ашылуы болып өтті.

Ауысымның мақсаты: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ұлтаралық қарым - қатынас мәдениетін,  толеранттылық пен планетарлық ойларды қалыптастыруға ықпал ету, тілге деген қызығушылықтарды арттыру.

Ауысымның міндеті:

  • Оқушылардың ана тілімен қатар мектепте оқылатын өзгеде тілдер жайлы білімдерін тереңдету, тіл туралы ұғымдарын кеңейту;
  • Көп тілде сөйлей алатын, тілдік құзіреттілігін арттыру;
  • Мемлекеттік тілді сүюге, өзге тілді құрметтеуге үйрету.

12 ауысымның ашылу салтанаты басқалардан өзгеше сценарида өтті. Оқу жылының басталуы, мектеп табалдырығын қайта басқан оқушыларымыздың жүзінде ерекше қуаныш сезіледі. Жан-жақтан келген жас  бүлдіршіндеріміз орталықты енді ғана танып, өз ортасына биімделіп, топпен жұмыс жүргізуді үйренуде. 260 баланың ішінен өзінің ұйымдастырушылық қабілеті бойынша озып шыққан 8-топ демалушысы Бектай Ұлықбек 48 % жинап, ауысым президенті болып тағайындалды. 20 күн бойы оқушылардың демалыстарының қызықты өтуіне топ тәрбиешілері мен бірге жұмыла ат салысарына сеніміміз мол. Барлық Балдәурендіктерді нағыз – «Балдәурендіктер» болғанымен құттықтаймыз!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner