1

Ашылу салтанаты орталықтың ең негізгі іс-шарасы. Ауысым «Цифрлық технологиялар әлемінде» жас физиктер мен математиктердің форумы деп аталынды. Сахналық қойылым қойылып, әсем ән шырқалды. Сұлу қыздарымыз мың бұралып би билеп сахнаның көркін келтірді. Орталықтың директоры Босымбаев Дәурен Әбдікәрімұлы бізге тілек айтып, ауысымға сәттілік тіледі. Кешегі өткен «Сенім» ұйымының президенті анықталды. 14-ауысымның «Сенім» ұйымының президенті болып Түлкібаев Әділет 8-топ демалушысы 61,7% дауыс жинап ауысым президенті атанды. Осылайша 14-ауысым демалушылары нағыз «Балдәурендіктер» атанды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner