
2023 жылдың 1 ауысымының ашылу салтанаты
Алақай, міне нағыз «Балдәурендіктер» атанған күн! Сәлем, досым! Балдәурендегі қызықты кештерді сағындың ба? Сүйікті Балдәурендерің сендерді қашанда ыстық ұясында күтеді.
Ашылу-салтанаты орталықтың ең негізгі іс-шарасы. Ауысым тақырыбына сай сахналық қойылым қойылып, әсем ән шырқалды. Сұлу қыздарымыз мың бұралып би билеп сахнаның көркін келтірді. Орталықтың директоры бізге тілек айтып, ауысымға сәттілік тіледі. «Сенім» ұйымының президенті болып 8-топ демалушысы Баелова Ақторғын 46,7 % дауыс жинап «Ауысым президенті» атанды. Ауысымға сәттілік тілейміз.