1

 Балалардың арман аралына айналған «Балдәуренге» келу кімде-кімнің болсада арманы деп ойлаймын. Бүгін орталығымызда ауысымның негізгі іс-шарасы 2022 жылдың 8-ауысымының ашылу салтанаты болып өтті. Ауысым тақырыбына байланысты қойылым қойылып, ән шырқалып, би биленді. Орталық басшысы сөз сөйлеп, ауысымға сәттілік тіледі. Күнделікті күн тәртібінде міндетті түрде балалардың демалыстарының қызықты өтуі үшін әр түрлі бағыттағы іс-шаралар, көңілді кештер ұйымдастырылуда. 8-ауысымның «Сенім» ұйымының президенті болып 7-топ демалушысы Ноғай Әсем 47,1 % дауыс жинап, ауысым президенті атанды. Алда демалушыларымызды түрлі қызыққа толы кештер күтуде. Бізбен бірге болыңыздар.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner