
«Ұлттар достастығы» – Ұлттар би марафоны
Балдәуренде «Ұлттар достастығы» атты ұлттар би марафоны жоғары деңгейде өтті. Әр ұлттың мәдениеті мен өнерін дәріптеген бұл сайыс өте тартысты, қызықты әрі әсерлі болды. Қатысушылар түрлі халықтардың билерін орындап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Байқау соңында үздік өнер көрсеткен топтар марапатталды:
Гран-при – 5 топ
I орын – 3 топ
II орын – 7 топ
III орын – 1 топ
Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз! Осындай шаралар достықты нығайтып, түрлі ұлттардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелейді.





