1

«Біз және қаржылық қауіпсіздік» экономикалық ойыны өтті. 
 «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы Түркістан филиалында  Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі мен Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында маңызды әрі мазмұнды іс-шара — «Біз және қаржылық қауіпсіздік» атты экономикалық маршруттық ойын ұйымдастырылды. Ойын қонақтары - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері. 
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, интернет пен күнделікті өмірде кездесетін алаяқтық тәуекелдерден сақтануды үйрету, саналы әрі жауапты шешім қабылдауға баулу.
Ойын барысында қатысушылар 4 негізгі станция бойынша жұмыс жасады:
???? «Лудомания» — құмар ойындардың қауіпті тұзақ екенін түсіну;
???? «Сандық қауіпсіздік» — интернеттегі алаяқтықты тану, жеке деректерді қорғау;
???? «Дропперлік» — «жеңіл табыс» ұғымының артындағы қылмыстық жауапкершілік;
???? Шығармашылық станция — алған білімді плакат арқылы қорытындылау.
«Қыран», «Зерек», “Жігер” және «Саналы қоғам» командалары белсенділік, тапқырлық және ұйымшылдық танытып, барлық тапсырмаларды жоғары деңгейде орындады.
Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, құрметті қонақтардың жылы лебізі айтылды.
???? Бұл ойын — балаларға қаржылық қауіпсіздік тек ақша емес, жауапкершілік, сақтық және дұрыс таңдау екенін ұғындырған тағылымды кездесу болды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner