1

«Күй керуен» Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай жас домбырашылар фестивалі атты 4-ауысымның ашылу салтанаты жоғары деңгейде болып өтті.
Ауысымның мақсаты: оқушылардың болашақта дұрыс мамандық таңдай білуіне бағыт бағдар беріп, ұлттық мәдениетімізді дамыту, ұлтжанды, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Жан-жақтан келген жас бүлдіршіндеріміз орталықты енді ғана танып, өз ортасына бейімделіп, топпен жұмыс жүргізуді үйренуде. 20 күн бойы оқушылардың демалыстарының қызықты өтуіне топ тәрбиешілері мен бірге жұмыла атсалысарына сеніміміз мол. Барлық балдәурендіктерді нағыз балдәурендіктер болғанымен құттықтаймыз!


Біздің серіктестер

banner
banner
banner