1

ҚЫМБАТТЫ ДОСТАР!

«Балдәурен-Түркістан» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы 2018 жылдың 15 тамызынан бастап өз жұмысын мүлтіксіз атқарып келеді. Қазіргі таңда жаңа бастамалар мен игі жұмыстар атқарылып отыр. Ұрпағымыздың тәрбиесі мен білімінің ұштасуына бағыт беріп, болашақтың іргесін бірге қалаудамыз.

Біздің орталық қызметкерлері нағыз жалындаған жастар, білім мен өнерге тұла бойы тұнып тұрған шығармашыл, заманауи, өнерлі де өнегелі ұстаздар. Ұлтымыздың болашағын тәрбиелеуде үлкен жауапкершілікті сезіне білетін, өздерін үздіксіз дамыта алатын, елдің тарихын, тілі мен әдебиетін терең меңгеріп, балалардың бойына патриоттық сезімін сіңдіре білетін орталықтың қызметкерлеріне айтар алғысымыз шексіз. Балдәуренге келген әр баланың әрбір сәтін ерекше етіп өткізулеріне аянбай еңбек етіп, түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Жоспарланған іс-шаралар ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, балалардың патриоттық сезімдерінің нығаюына үлкен септігін тигізуде.

Елбасының сындарлы саясатына сүйене отырып еліміздің болашағы жас ұрпағымыз үшін біліміміз бен тәрбиемізді, бар күш жігерімізді салмақпыз. Балалардың «Арман аралына» айналған «Балдәурен» - бақытты балалық шақ ордасы күнен-күнге дамып, күндеріміз жемісті әрі жеңіске толы боларына сенемін!

Жақсы денсаулық тілей отырып!

ЛӘЗЗАТ Әкімбекқызы,

                                                    «Балдәурен» РОСО филиал директоры.

                         Түркістан облысы Төлеби ауданы


 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner