1

«Балдәурен» РОСО филиалы, Балдәурен-Түркістан кітапханасы туралы мәлімет

Кітапхана - сапалы білімнің сенімді кепілі. Кітап - біздің рухани құндылығымыз, теңдесіз байлығымыз. Кітапхана - мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға берумен, мәдени-ағарту және ғылыми көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.

         Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын.  «Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында көркем әдебиеттер тізімі 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлемдік әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады.  Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзіреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болып табылады.  Оқырман белсенділігін қалыптастыру үдерісі мектепте заманауи тиімді технологиялар  мен оқыту әдістері қолданылған жағдайда тиімді болады. Мектеп оқушысының кітап оқу іс-әрекетін дамыту Қазақстандағы білімді жаңғыртуда басым бағыттардың бірі болып табылады. Ұлттық рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретінде оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасының үлесі маңызды болмақ.

         Кітапхана қорында оқушылардың қызығушылығын туғызатын көптеген танымдық басылымдар бар. Кітапханаға күніне 60-70 оқырман келіп отырады. Оларды кітапханаға тіркеп, формуляр арнап, берілген кітаптарды күнделікке түсіріп отыру. Оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында түрлі «Поэзия кештері», «Кітапханалық көрмелер», «Дөңгелек үстел», «Лекциялар» ұйымдастырылып отырады. Кітапханалық көрмелер арқылы оқырмандар әр тақырып бойынша мағлұматтар, деректер алса, даталы, мерекелі күндерге байланысты керекті мәліметтермен таныса алады.

Кітапхана көрсеткіштері:

Кітапхананың негізгі қоры, барлығы: 4791

Оның ішінде мектеп оқулықтары: 2512

Көркем әдебиет: 2279 (Анықтамалықтар, энциклопедиялар, сөздіктер)

Біздің серіктестер

banner
banner
banner