1

Бойларында жалындаған күші бар,

Осы кезде Жастарды сен есіңе ал.

Жастар - алға, Жастар - самға қалықтап,

Балдәурен - бұл, жастарынсыз несі бал!

Оттай жанған, жалындаған жастардың өнерлерін тамашалау барысында тағы бір көңілді кештердің бірі - «Zhastar Style» Жастар педагогикалық тобымен танысу кеші өткізілді. Кеш әр баланың өз ұйымдастырушы-ұстаздарының жаңа бір қырынан тануына көмектеседі. Жастар қызықты қойылым қойып, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлайды. Балалармен бірге ән айтып,  би билеп, өздерінің бар өнерлерін ортаға салады. Ұйымдастырушы-ұстаз болуың үшін қолынан бәрі келетін, әмбебап тұлға болуың қажет. Тобындағы әр бала өз тәрбиешісіне қарап бой түзейді. Орталыққа келген әр балаға үлгі бола білу керек.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner