1

«Туған жер табиғатын – кеңістікке бейнелеу» және «Оюлар сыр шертеді» көркем еңбек іс-әрекеттегі зерттеу» семинар-тренинг

Орталығымызда «Қазақстанның педагогикалық академиясы» КҚ, Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық «Мектеп» журналы мен жастар саясатымен бірге «Туған жер табиғатын – кеңістікке бейнелеу» және «Оюлар сыр шертеді» көркем еңбек іс-әрекеттегі зерттеу» семинар-тренинг болып өтті. Көрменің негізгі мақсаты: Балалар жылына байланысты мемлекетімізде болып жатқан мәдени іс-шараларды қолдау, республика өңіріндегі шығармашылықпен айналысатын мұғалімдердің басын қосып, іс-тәжірибе алмасу.

Орталығымыздың «Домбыра» үйірмесінің жетекшісі Бегимова Самат Ерғазықызы орталық демалушыларымен бірге семинар қатысушыларына кереметтей көңілді концерт ұйымдастырды. Қазақтың қасиетті домбырасымен бірнеше күй орындап, әуелеген әннің құдіретін сездірді. Қонақтарымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Семинар барысында Шымкент қаласының М. Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мекемесінің көркем еңбек пәні мұғалімі Тастемирова Мейраш Мырзабекқызы «Туған жер табиғатын – кеңістікке бейнелеу» тақырыбында семинар қатысушылары мен балаларға түсіндірме жүргізіп, суреттер салынды. Үздік сурет салған оқушыға өзі салған суретті сыйлыққа берді.

 «Қазақстанның педагогикалық академиясы» КҚ, Республикалық ғылыми-әдістемелік бөлімінің әдіскері, Ы. Алтынсарин төс белгісінің иегері, ҚР ББ ісінің құрметті қызметкері Тамара Махалқызы «Іс-әрекетті зерттеу педагогикалық мәселелерді шешудің құралы: Тәжірибе мен ұсыныстар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

№26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімі Байбосынова Салтанат Ертайқызы «Оюлар сыр шертеді» көркем еңбек іс-әрекеттегі зерттеу» тақырыбында мастер-класс өткізді. Семинарға қатысушылар матадан тігілген сөмкеге (шоппер) сурет салды. Әр қатысушы өзі салған суреттерін қорғап шықты.

Семинар қорытындысы ретінде орталығымыздың Алғыс хатымен Сертефикаттармен марапатталды. Жалпы семинар өте жоғары деңгейде өтті.

ТУКТЫБАЕВА Ақмарал Ермаханбетқызы,

ПИЯЗБЕКОВА Дина Расулқызы,

«Балдәурен» РОСО филиалының қосымша білім беру ұстаздары

Түркістан облысы, Төлеби ауданы

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner