1

Орталықта дәстүрге айналған негізгі іс-шараның бірі – «Өзін өзі басқару» «Сенім» ұйымының үміткерлерімен танысу кеші. Жалпы үлкен топтар арасынан ең үздік, ең білімді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары оқушыларымыз іріктеліп, топ болып жарысқа түседі. Осы ауысым барысындағы тематикалық күннің қызықты өткізудің тиімді жолдарын ұсынып, өзінің ұйымдастырушы-ұстаздарының көмекшісі бола алатын оқушыларымыз әділ-қазы алқаларына өз кандидаттығын ұсынды. Жалпы 8 топтан төмендегі оқушыларымыз қатысты. 8-топтан Бектай Ұлықбек, Сапар Зарина, Батыр Илияс, 7-топтан Балмағанбет Мерей, Абуталип Аида, Қалдарбек Дариға, Қаработаева Аяулым, 6-тоатан Төребек Бақдәулет, Төлегенова Бибігүл.

 

 

Әр оқушының жеке дара өзіндік қабілеті бар. Таныстырылымнан кейін орталық демалушыларына бір күн уақыт берілді. Ауысымның президентін таңдауға, бірақ әр топ өзінің кандидатын таңдай алмайды. 2021 жылдың 12-ауысымының «Сенім» ұйымының президенті болып кімнің сайланғанын ауысымның ашылу салтанатында білетін боламыз.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner