1

         Mейірім – адам бойындағы шынайылық пен сүйіспеншіліктен туындайтын жүрек мейірбандығы. «Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - деген екен данышпан халқымыз. Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді. «Мейірімділікпен әрекет ет, бірақ алғыс күтпе» деген көне қытай ойшылы Конфуций. Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» - деген. Мейірімділік - адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. 

        Адамшылық, мейірбандық қасиетті бойына сіңіріп, әрбір адам баласын «өз бауырым» деп ойлау мақсатында 2023 жылдың алғашқы ауысымы «Жылы жүрек» отбасылық құндылықтар акциясы деп аталынды. Еліміздің 8 облысының оқушыларының басын қосқан алғашқы ауысым барысында оқушыларымызға адамның ең асыл қасиеті «мейірімділік» жайлы кеңінен түсіндіріліп, бір-бірімен жасаған қарым қатынасының жақсы болуы түсіндіріліп, түрлі іс-шаралар мен қойылымдар көрсетілді. Ауысым барысында «Имандылық иірімі» дөңгелек үстелі, «Өнегелі оқушы» зияткерлік сайысы, «Тәртіп – тәрбие бастауы» ақыл-ой сағаты, және де түрлі мейірімділікке бастар кештер мен тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.

         Еліміздің ертеңі болар жастарымыздың бойында болуы керек адамгершілік, мейірбандық, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерінің артуына ықпал еткен 1 ауысым  өте жоғар деңгейде ұйымдастырылып, сәтті түрде аяқталды. Балалардың бақыт мекеніне айналған «Балдәурен» РОСО өзінің сүйікті  оқушылары үшін есігін қашанда айқара ашып, мейірім шуағын мәңгі шашары сөзсіз.  

ЕРНАЗАРОВА Айнұр Шүкірқызы,

«Балдәурен» РОСО филиалының

 ұйымдастырушы-ұстазы.

Түркістан облысы, Төлеби ауданы


Біздің серіктестер

banner
banner
banner