1

           Орталығымызда білім кешенінде  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының нұсқаулығымен  мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жаңдандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында Мұғалімдер күніне арналған «Дублер күні» мектепте білім алушылардың өзін-өзі басқару күнін  өткізуге арналған мұғалімдердің жетекшілігімен іс -шара  өтті.

        9 «А» сынып оқушысы Сырманова Жібек Болатовна  9 «А» сыныбында алгебра пәнінен «Көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу», 9 «Г» сынып оқушысы Таңатарова Дарина Ильясқызы 8 «Ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Адам-ең жоғары құндылық»,  8 «А» Тобаева Назерке Ғанибекқызы  7 «Ә» сыныбында химия пәнінен «Физикалық, химиялық құбылыстар», 9 «Б» сынып оқушысы Нұралы Елжан Нұралыұлы 9 «А» сыныбында орыс тілі пәнінен«Малая Родина»,   8 «Ә» сынып оқушысы Ақылбекқызы  Сымбат 8 «Б» сыныбында физика пәнінен «Жылу сиымдылығы, жылу мөлшері», 8 «А» сынып оқушысы Тақтарбек Сағада Сапарәлиқызы 8 «А»сыныбында орыс тілі пәнінен «Слова назидания Абая», 9 «А» сынып оқушысы Әділжан Мирас Ғалымжанұлы алгебра пәнінен 9 «А»  сыныбында «Екі айнымалысы бар теңдеулерді шешу», 9 «Б» сынып оқушысы Рамазанова Диана  9 «В» сыныбында биология пәнінен «Жылыжай эффектісі», 9«В» сынып оқушысы Смағұл Бағдәулет Қанатұлы 8 «Б» сыныбында орыс тілі пәнінен В.К. Железников «Чучело», 9 «Б» сынып оқушысы Қарасай Ақерке 8 «Г» сыныбында  химия пәнінен «Химиялық реакция типтері»,   8 «В»  сынып оқушысы Жетпіспаева Көркем Ерболатқызы    8 «В» сыныбында биология пәнінен «Саңырауқұлақтар тірі ағзалардың ерекше патшалығы» тақырыптарда сабақтар өтті.

«Дублер күніне» байланысты жетекшілері мен оқушылар арасында қорытынды жиын өтіп, ой талқы болып өтті. Өткізілген сабақтардың жетістігімен, кеткен кемшілік тұстары аталып өтілді. Жиын соңында жақсы сабақ өткен оқушылар марапатталды. Сонымен қатар бұл іс-шараны маусым сайын дәстүрлі түрде өткізу ұсынылды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner