1

Орталыққа келген балалардың топ болып ең алғаш өткізілетін, топтың атын шығаратын ең маңызды іс-шарасының бірі – топ визиткасын қорғау кеші. Әр қайсысы әр облыстан келген оқушылар үшін бұл іс-шара жауапкершілігі мол қызықты кеш. 8 топ ауысым тақырыбына сай ерекше киім үлгілерін таңдап, қызықты топтың атын, ұранын, санамағын айтып өзара сынға түсті. Әділ-қазы алқаларының басты міндеті – топтың ұйымшылдығы мен бірегейлігіне мән беру болатын. Сахнаның сәнін келтіре білген 8 топтың ішінен жеңімпазды анықтау қиынға түскені сөзсіз. Десекте, сайыстың аты сайыс. Жүйріктің жүйрігін анықтау міндетіміз. Барлық визитка қорғау кешіне қатысқан топтардың барынша зор дайындықпен келгені көрініп тұр. Әділ-қазы алқаларының шешімімен 2021 жылдың 12-ауысымының визитка қорғау кешінің жеңімпазы - біркелкі үлгіде таңдалған киім үлгісі, топтың аты, ұраны, санамағы мен әні ерекше болып таңдалған топтың ұйымшылдығы мен татулығын көрсеткен 4-топ «Ең үздік топ» номинациясын жеңіп алды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner